Адамзаттық капитал

Әскери теңізшілер «Каспий теңізі» халықаралық сайысына қатысуға дайын (Фото)

Бүгінгі күні Каспий теңізінің қазақстандық су айдынында әскери теңізшілер «Каспий теңізі – 2015» (Теңіз биатлоны) халықаралық сайыстарында даярлық жоспарын пысықтау үшін жорықтар өткізуде, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 19 Маусым, 20:21

Сонымен, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің «Орал» және «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық корабльдердің экипаждары жорық кезінде корабльді ұрысқа және жорыққа дайындауды, жеке корабльмен жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуді, швартовкалардан (зәкірлер, бөшкелер) корабльдің түсірілімін, базалау пунктінен шығуды, қарапайым және күрделі жағдайларда жүзуді пысықтады.

Зәкірге қою, зәкірден алу, борттың ар жағына құлап түскен адамды құтқару және көтеріп алу, сондай-ақ халықаралық белгілер жиынтығы бойынша корабльдер мен кемелерге белгілер беру және талдау бойынша жауынгерлік оқу-жаттығулар өткізілді.

«Каспий теңізі» - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің халықаралық сайысы. Ол теңіз айдынында корабльдердің экипаждары және теңіз жаяу әскері бөлімшелерінің жеке құрамы арасында өтеді және байқауға қатысушылардың жауынгерлік даярлық деңгейін тексерудің жоғары нысаны болып табылады.

 Байқауды өткізу мақсаты әскери кадрларды даярлау, әскерлердің (күштердің) даярлығын жан-жақты қамтамасыз ету, кәсіби дайындықтың деңгейін, корабль командирлері, жауынгерлік бөлім командирлері, теңіз жаяу әскерлері бөлімшелері командирлерінің үйлесімін тексеру және чемпионатқа қатысушы елдердің үздік суүсті корабль экипаждарын, теңіз жаяу әскерлерінің бөлімшелерін айқындау. Сонымен қатар, Каспий өңірі мемлекеттерінің әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығын нығайту болып табылады. 
 





Яндекс.Метрика