Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

З.Қабұлдинов: Әлемдік қоғамдастықта Қазақстан тұрақтылық синонимі

Әлемдік қауымдастықта Қазақстан, Астана, Н.Назарбаев сөздері тұрақтылық пен сенімді дамудың синонимі болып отыр, деді «Халықтар келісімі» қоғамдық қорының директоры, Ұлттық тарихшылар конгресінің ғалым-хатшысы Зиябек Қабұлдинов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Астана қаласы19 Маусым , 12:09

«Мен бүгін бірыңғай ұлт болашағы сияқты ерекше бағытқа тоқталғым келіп отыр. Әңгіме мынада, ұлтаралық әлем мен келісім мәселесін шешіп алмай тұрып, қандай да бір реформалар жүргізу мүмкін емес. Соңғы уақытта Қазақстан әлемде өте танымал бола бастады. Біздің қарқынды дамып отырған экономикамыздың арқасында біз білім, ғылым және мәдениет салаларында үлкен жетістіктерге жеттік. Ал, Астана, Қазақстан, Н.Назарбаев сөздері тұрақтылық пен сенімді дамудың синониміне айналды»,-деді З.Қабұлдинов.    

Оның сөзінше, Қазақстанның әлемдік аренада көтерген бастамалары еліміздегі оңды ұлтаралық қарым-қатынастарға негізделген.   

«Қазақстан бүкіл әлемге төзімділік, мөлдірлік пен ашықтық сәулесін шаша бастады. Қазақстандық шетелдік көгілдір төлқұжат әлемде өте сыйлы бола бастады. Аймақтық, жалпыәлемді ықпаластық қалыптасулар мен бірлестіктер негізінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі мен 2010 жылы ұйымдатырылған ЕҚЫҰ Саммиті тап осы елде бастау алып отыр. Біздің Президентіміз талмай айтып жүрген біздің үйіміздегі бейбітшілік пен келісім осы ізгі бастамалар мен оңды өзгерістердің негізінде қалыптасқан»,-деді ол.  

Анар Тәңірқұлова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика