Энергияның балама көздерін дамыту

100 қадам: Атырау облысында күн электр станциясының құрылысы 150 адамды жұмыспен қамтамасыз ететін болады

Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы 170-тен астам кәсіпкерлердің арызын қарастырып, оның 80 бизнес субъектілерінің пайдасына шешілді, делінген «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарламасында.
Атырау19 Маусым , 15:34

«Ұлт жоспарында кәсіпкерлік мүддесін қорғау мәселелеріне басымдылық берілген. Айта кетерлік жайт, бұл міндет Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Атырау облысының кәсіпкерлер палатасының қызметінде де басымдылыққа ие»,  деді Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек Жақиев.

«Бүгінгі таңда аймақтық палата 170-тен астам кәсіпкерлердің арызын қарастырып, оның 80 бизнес субъектілерінің пайдасына шешіп берді. Ал, қалған 70 шағым бойынша кеңестер мен заң аясында түсініктеме берілді. Нәтижесінде кәсіпкерлердің 134 млн теңгеден астам қаржылай шығыны алдын алынды», деп атап өтті палата өкілдері.

Кәсіпкерлерден түсетін шағымдардың басым бөлігі жер мәселесіне, мемлекеттік сатып алу мен жергілікті қамтуға байланысты.

А. Жақиев атап өткендей, Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасы аймақтың Экономикалық ынтымақтастық пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру ұйымымен белсенді жұмыс істеуде, сонымен қатар, шағын және орта бизнес өкілдерінің шетелдік инвесторлармен байланысын нығайтуда және болашақта осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Атап айтар болсақ, Атырау облысында жер учаскелерінің онлайн базасын жасақтау жоспарлануда, ол жергілікті кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар үшін бірдей қолайлы болмақ. Бұдан басқа, кәсіби-техникалық стандарттарды жасақтау, мамандарды даярлау мен жас кәсіпкерлерге арналған коворкинг-орталығы үшін қос ресурстық орталық жасақтау көзделуде.

Сондай-ақ, өзінің күн электр станциясының құрылысы туралы жобасымен Атырау облысы  Жылыой ауданындағы «Экопротек-Кұлсары» ЖШС директоры Асқар Секербаев әңгімелеп берді.

«Күн электр станциясын Кұлсары қаласы маңында салуды көздеп отырмыз, оның қуаттылығы 10 МВт құрайды немесе 1 000 электр жарығымен қамтамасыз етеді. Аудандық әкімдік құрылыс үшін 20 Га жер бөлді. Бүгінгі таңда ТЭН мен жобалық-сметалық құжатнаманы жасақтау жұмыстары соңына таяп қалды. Құрылыс 2015 жылы тамыз айында басталады. Құрылыс барысында 150 адам жұмыспен қамтылмақ»,  деп атап өтті А. Секербаев.

Жасыратыны жоқ, аталмыш ілкімді істі іске асыру Елбасының 100 нақты қадамына үлес қосуға мүмкіндік береді, деп есептейді палата өкілдері.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика