Ақылды экономиканы дамыту

Қарағандылық турбо-механикалық зауыт жаңа заманға сай турбиналарды шығармақшы

2014-2018 жылдар аралығында Қарағандылық турбо-механикалық зауыт «Орал турбина зауыты» ЖАҚ, «Калуга турбина зауыты» ААҚ бірлесіп, Петропавл мен Жезқазған қалалаларында жаңа, заманға сай турбиналар шығару бойынша бірлескен жұмыстарды жолға қою жоспарланып отыр, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.
Қарағанды19 Маусым , 15:03

Зауыт өзінің тәжірибесінің базасында өзге өнім өндірушілерімен жолға қойылған әріптестік байланыстар арқылы турбоқұрылғыларды кілттенетін етіп техникалық қайта жарақтандыру мүмкіндіктерін ұсынды. Аталмыш тәсіл турбиналардың қолдану ресурстарын қайта қалпына келтіруге ықпал етеді. Бұл шаралар экономикалық жағынан тиімді, турибина генераторларын толық ауыстыруда арзын әрі жедел және баламалы болып табылады.  

Өзінің 20 жылдық тарихында Қарағандылық турбо-механикалық зауыт  қуаты 500 МВт болатын 200-ден астам күрделі жөндеулерді жүргізген. Осыншама көлемде орта және ағымды жөндеу жасаған. Турбогенераторларға жүргзілген турбиналарға жүргізілген күрделі жөндеулердің 50 пайызы кілттенетін етіп жүргізіледі. Бұған қоса турбина құрылғыларының қосымша жөндеу жұмыстары мен жекелеген бөліктер мен жүйелердің 20 пайызын жөндеу жұмыстары да бар. Өз кезегінде осы бағыттағы жұмыстар сапаны арттырып, құрылғылардың үнемділігі мен сенімділігін нығайтады.    


  




Яндекс.Метрика