Астана күні

«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» құрылған уақытынан бастап 50 мыңнан астам пациентті қабылдады

Астана күні қарсаңында «Strategy2050.kz» АА елордадағы маңызды нысандар туралы материалдар топтамасын ұсынады.
Астана қаласы19 Маусым , 14:48

«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ Ұлттық медицина холдингінің Астанадағы медицина саласындағы бетке ұстар нысандарының бірі болып табылады. Орталық өз қызметін 2007 жылдың тамыз айының 20-сы жұлдызынан  бастап ұсынды, әрі сол уақыттан бері 50 мыңнан астам пациенттерді қабылдады. Ана мен бала орталығына отандастарымызбен қатар Орталық Азия, Еуропа, Америка және Ресейден арнайы келген науқастар қаралады.

Клиниканың қуаттылығы 500 жатын орынға есептелген. Медициналық қызмет заманауи талаптарға сай жабдықталған 31 бөлімшеде көрсетіледі, әрі мұнда  пациенттер үшін  барлық жағдай жасалған. Орталық мемлекеттік тегін медициналық көмектің кепілді көлемі бойынша қызмет көрсетумен қатар  жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға келісім-шарт бойынша (отандық және шетелдік сақтандыру мекемелері, дипломатиялық миссиялар) медициналық қызметтерді ұсынады.

ҚР Ғылым және білім министрлігі 2012 жылы жүргізген Ұлттық рейтингтің қорытындысы бойынша Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы ғылыми қызмет көрсеткішінің арқасында  екінші орынға ие болды.  Бұдан басқа,  «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» - 2012 жылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы кеңісіндегі халықаралық Joint Commission International аккредитациясына қол жеткізген алғашқы клиникалардың бірі атанды. Аталған аккредитация Орталықтың дүниежүзілік стандарттарға сай сапалы қызмет көрсететінін дәлелдейді.

Сонымен қатар, дәл сол жылы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» балалар жілік майының 3 трансплантациясын жасады. Осылайша, 2013 жылы Орталық жыл сайын өтететін «Фармацевтикалық жұлдыз» атты байқауынның нәтижесі бойынша  «Жыл жаңалығы» марапатына ие болды.

2014 жылдың тамыз айында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына  Ұлттық бизнес рейтингі халықаралық одағының  «Сала көшбасшысы 2014» атты сертификаты табысталды.

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы осы күнге дейін медицина саласына 65 жаңа технологияны  енгізді. Осындай жаңашылдықтардың бірі шала туылған нәрестелер ретинопатия жобасы бойынша емдеудің «алтын стандарты», көру қабілетін  55-88% -да сақтап қалуға мүмкіндігі бар «көз торының лазерлік коагуляциясы» - енгізілді.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика