Евразиялық одақ

Астанада ЕАЭО темір жол тасымалын кедендік реттеу мәселелері талқыланды

Астанада Қазақстан, Ресей және Белорусь мемлекеттерінің темір жол әкімшіліктері өкілдерінің XIV бірлескен жұмыс тобының отырысы өткізілді, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ.
Астана қаласы19 Маусым , 14:32

Отырыс барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Белоруссия темір жолы» ММ, «Ресей темір жолы» ААҚ Еуразиялық экономикалық одақ аясында жетілдірілген кедендік келісім құқықтық базасын жасап, ұсыныс енгізді. Оның ішінде Кеден одағы аясында ЕЭО жобасы ережесінің кейбір бөлімдерін қамтыды.

Мәселен, болашақ міндеттеменің бірі ретінде тасымалдаушыға тауары жөніндегі ақпараттарды ЕЭО аумағындағы кедендік орындардан жедел өтуі үшін мүдделі тараптарға алдын ала беру жайы келісілді.  Оған қоса теміржолмен тасымалдаушының   алдын -ала жаңсақ ақпараттарды кеден орындарына беру кезіндегі жауапкершілігін құжаттан алып тастау ұсынылды.

Сонымен қатар ЕЭО мүше мемлекеттердің темір жол тасымалдаушыларының тауарды жоғалтуына жауапкершілігі, тауарларды тасымалдаудың бірыңғайландырылған идентификациялық құралдарын жоғалтып алғандығы үшін ЕЭО мүше емес елдердің жауапкершілігін алып тастау ұсынылды.Отырысқа қатысушылар кедендік бақылау орнатуға тиесілі тауарларды жеткізу уақытын ұзарту тәртібі, теміржол өткізу бекеттерін көкжелектендірудің ұлттық заңдылықтарының талаптары, басқа да Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мемлекеттердің мемлекеттік органдарының шешімдері туралы өзекті жайлары талқыланды.      

Отырыс барысында Бірлескен жұмыс тобы құрамына Армения мен Қырғызстан темір жол әкімшіліктерінің өкілдерін тарту көзделді. Жұмыс тобының ұсыныстары мемлекеттік құзырлы органдар мен қоғамдық орындарға, ықпалдасқан бизнес қауымдастықтарға жолданды.

Олар жұмыс тобының кезекті  XV отырысын 2015 жылдың төртінші тоқсанында Белорусь республикасында өткізуге уағдаласты.




Яндекс.Метрика