Инвестициялар

ҚТЖ мен РФ Жинақ банкі Индиядағы жобаларды қаржыландыру туралы Меморандумға қол қойды

Санкт – Петербургтегі Халықаралық экономикалық форум аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен РФ Жинақ банкі Индия аумағындағы көліктік-логистикалық жобаларды қаржыландыру туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Әлемде19 Маусым , 12:47

Меморандумға Қазақстан темір жолының президенті Асқар Мамин мен РФ Жинақ банкісінің басқарма төрағасы  Герман Греф қол қойды. Қол қойылған меморандум бойынша екі компания арасындағы серіктестік бірлескен жұмыстардың жаңа көкжиегіне жол ашады. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Еуразиялық көлік нарығындағы  белсенді ойыншылар болып табылады.

 Олар серіктестік аясында жүк тасымалының деңгейін көтеруді жоспарлап отыр. Ресей Жинақ банкі Қазақстан темір жолының Еуразиялық құрлықтағы транзиттік тасымалды ұйымдастырудағы әрі логистикалық инфрақұрылымды Қазақстан ішіндегі және шетелдегі стратегиялық серіктестігі болып табылады.

« Қазіргі кезде «Солтүстік-Оңтүстік» жобасын дамыту арқылы Индия нарығына шығуды трансқұрылықтық темір жол дәлізіне  жүк ағындарын стратегиялық бағыттаудың мүмкіндігі зор»,-дейді Асқар Мамин

«Көлік пен логистика қашанда Жинақ банкісінің қаржыландырудың басым бағыты болып саналған. Біз Еуразия құрлығындағы ірі көлік холдингімен серіктестігімізді кеңейте отырып, Ресейдің қазіргі экономикалық қиындығына қарамастан жаңа жобаларымызды жалғастыра бермекпіз,-дейді өз кезегінде Герман Греф.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика