Білім беру әдістемелерін жаңғырту

Астанада американдық экономист Джереми Рифкин мастер-класс өткізеді

21 қазан күні әйгілі американдық экономист, «Үшінші индустриялық революция» (ҮИР) еңбегінің авторы Джереми Рифкин келеді. Мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, бизнестік құрылымдардың басшыларына арналған мастер-класс (семинар) өткізеді, деп хабарлайды ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы18 Қазан , 09:54

«Доктор Рифкин – экономикалық трендтерді зерттеу қорының (Вашингтон) президенті, ғылыми және экономикалық жетістіктердің экономикаға, халықты жұмыспен қамтуға, қоғамдық құрылыс және қоршаған ортаға тигізетін әсері жөніндегі бірқатар бестселлерлердің авторы», - делінген хабарламада.

Дж. Рифкин үкіметтер мен муниципалитеттерге Үшінші индустриялық революция инфрақұрылымын ұйымдастыру жоспарларын әзірлеу бойынша консультациялық қызметтер көрсететін «ТИР Консалтинг Групп» компаниясының президенті. Ол құрамына энергетика мен жаңартылатын энергия көздері, сәулетшілік және құрылыс, көлік және логистика, сондай-ақ, ақпараттық технологиялар салаларында қызмет ететін дүние жүзінің ең озық 100 компания басшыларынан құралған ҮИР Жаһандық кеңесінің құрылтайшысы және төрағасы. 

Дж. Рифкин Еуропалық Одақтың экономика, климаттың өзгеруі және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі. Ол дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы 5 оқу орындарының бірі Пенсильвания университетінің Уортон бизнес мектебінде дәріс береді. 

Дж. Рифкин Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдаманы әзірлеу барысында консультант ретінде тартылып, ЭКСПО-2017 көрме кешенінің эскиз-идеялары бойынша халықаралық сәулетшілік байқаудың техникалық кеңесін басқарды. 

Айта кету керек, 22 қазанда Дж. Рифкин бірқатар кездесулер өткізіп, Назарбаев университетінде дәріс оқиды.

 




Яндекс.Метрика