EXPO-2017

Лондонға сапар барысында Ұлыбританияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу мәселесі талқыланды

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары – ЭКСПО-2017 көрмесінің Комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Лондонға сапары өтті, деп хабарлайды сыртқы істер водомствосы.
Әлемде 19 Маусым, 12:17

Сапар барысында болған кездесулердің аясында британиялық компаниялар үшін ЭКСПО-2017 көрмесінің таныстырылымы өтті және оған көрмеге қатысуға және көрме нысандарын кейінірек пайдалануға қызығушылық танытқан 70-ке жуық британиялық компаниялардың өкілдері қатысты. 

Іс-шара барысында Р.Жошыбаев алдағы көрмеге кең ауқымда дайындық жүріп жатқандығын, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу шарттары және оған қатысушылар үшін жасалатын кедендік, салықтық жеңілдіктер туралы айтып өтті.  Көрменің халықаралық қоғамдастық тарапынан үлкен қызығушылық тудырып отырғаны айтылды. ЭКСПО-2017-ге әлемнің 100 мемлекетінен 5 миллионға жуық адам келеді деп күтілуде.  

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Т.Элвудпен кездесуі барысында екіжақты стратегиялық әріптестік пен визалық режимді жеңілдету мәселесі сөз болды. Британия тарапы ЭКСПО көрмесінің Астанада ұйымдастырылуы технологиялардың ағылып, ғылыми базаның нығайтылып, Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджінің жоғарылауына ықпал ететіні айтылды.      

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссары Р.Жошыбаев сонымен қатар британияда білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесіп, оларды астаналық көрме туралы шет мемлекеттерде кеңінен насихатталуына үлес қосуға шақырды.   

 

 

 

  

 





Яндекс.Метрика