Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Астанада метрология бойынша сарапшылар тауарды экспорттау барысындағы инфарқұрылым сапасын дамыту мәселелерін талқылады

Астанада Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген метрология саласының сарапшылары тауарды экспорттау барысындағы инфарқұрылым сапасын дамыту мен жақсарту мәселелерін аймақтық семинарда талқылады, деп хабарлады ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті.
Астана қаласы19 Маусым , 11:21

«Метрология мен аккредитация мекемелерінің қызметін халықаралық мойындау саласында тәжірибе алмасу» тақырыбымен өтіп жатқан семинар Германияның физика-техникалық институты PTB-мен бірлесіп «Орталық Азия елдерінде инфрақұрылым сапасын дамытуға қолдау көрсету» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Шара 2013-2015 жылдар аралығында метрология мен аккредитация жүйесіне өзгерту енгізу мен кәсіпорындарда аталмыш салада жүргізіліп жатқан жұмыстар мен мәселелерді қамтыды.

Айта кетерлік жайт, инфрақұрылым сапасын дамыту мен жақсарту бойынша бірлескен шешімдерді жасақтау жолында топтасып жұмыс істеу кездесудің басты ерекшелігіне айналды.




Яндекс.Метрика