Урбанизация және өңірлер дамуы

Ақмола облысында кедергісіз орта қалыптастыруға 12 млн теңге бөлінді

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында кедергісіз орта қалыптастыруға 12 миллион теңге бөлінді, деп хабарлады ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола19 Маусым , 11:06

Хабарламада бөлінген қаржыға 101 дана жол белгілері мен оларды қайта құру, мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетілетін жерлерден 16 дана жаяу жүргіншілер жолын салуға жұмсалатындығы айтылған.    

«2015 жылдан бері 16 нысан бейімделген, олардың арасында Аршалы, Егіндікөл аудандарындағы 3 нысан, Астрахань, Атбасар аудандарында 1 нысаннан бар. Бүгінгі таңда мәліметтерді қолжетімділік интерактивті картасына енгізу бағытында жұмыстар жүргізілуде»,-делінген хабарламада.  

Бұған қоса, 2014 жылдан бастап, облыста 925 мүгедек жұмыспен қамтылған. 2015 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша, 104 адам жұмысқа тұрғызылып, тағы мүмкіндігі шектеулі 340 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, тағы облыстық бюджет есебінен мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету үшін тиісті қаржы бөлінетін болады, осылайша, 2015 жылы 240,5 миллион теңге бөлінбек, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21 миллион теңгеге көп.  

Аталғандармен қоса, мемлекеттік сектор аясында облыста үйде көмек көрстететін 28 бөлімше жұмыс істеуде, 643 әлеуметтік сала қызметкерлері 2 мың 924 адамға көмек көрсетуде.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика