Ұлттың денсаулығы

Көкшетаудағы халықаралық турнирде 200 балуан бақ сынасады (Фото)

Көкшетауда грек-рим күресі бойынша дәстүрлі туринирдің ашылуы өтті, ол Әлеуметтік еңбек батыры, мемлекеттік және саяси қайраткер Еркін Әуелбековтың құрметіне арналып отыр, деп хабарлады Ақмола облысы ішкі істер басқармасы жанындағы «Ақмола медиа орталығы».
Ақмола 19 Маусым, 20:43

Туринир «Бурабай» спорт сарайында өтуде, оған Қазақстанның әрбір аймағынан 260 жас спортшы жиналды. Сайыс тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымалдылыққа ие. Шараға қатысу үшін Ресей мен Украинадан спортшылр келді. 2002 жылдан бастап бұл сайыс Көкшетауда өтіп келеді.

Айта кетерлігі, Е.Әуелбеков  Көкшетау облыстық партиясының бірінші хатшысы қызметін атқарып жүргенде қала экономикалық, әлеуметтік-мәдени даму бойынша Қазақстан қалаларының алдына шықты. 





Яндекс.Метрика