Евразиялық одақ

ЕЭК ЕАЭО-ның дистрибьюторлық тәжірибе ережесі мен фармацевтикалық инспекцияны жүргізу тәртібін жасақтады

ЕЭК жанындағы жұмыс тобы екі негізгі құжатты жасақтады, оларды 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО аясындағы жалпы дәрілік заттар нарығында жұмыс істеу үшін ағымдағы жылы қабылдау керек ,ЕАЭО-ның дистрибьюторлық тәжірибе ережесі және Фармацевтикалық инспекцияны жүргізуді қамтамасыз ету мен фармацевтикалық инспекторларға төленетін сыйақы мөлшерін анықтау тәртібі.
Әлемде19 Маусым , 10:34

ЕЭК-тың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Тәртіп жобасы Еуропа одағында қолданыста жүрген аталмыш саладағы нормативті құжаттарды есепке ала отырып жасақталды. Жобада 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрілік препараттардың жоғары сапасын қамтамасыз ету жолында көтерме дистрибьюторларына препараттарды сақтау нысанына, персоналға, құжаттар жүйесі мен дәрілік препараттарды сақтау процесіне қатысты арнайы тәртіп бекіту көзделген.

«Тәртіп дәрілік препараттарды өндірушілер мен дистрибьюторлардың арасында оның сапасына деген жауапкершілігін нақты белгілеуге мүмкіндік береді. Нәтижесіне дистрибьюторлық желілер мен дәрілік препараттар логистикасының дамуына оң әсер етеді», - делінген хабарламада.

Екінші құжат  Фармацевтикалық инпекцияны жүргізуді қамтамасыз ету  тәртібі фармацевтикалық инспекторлардың қолданыстағы ұсыныс беру жүйесінің  (PIC/S) ережесіне сәйкес жасақталды.




Яндекс.Метрика