Өңірлер

Жамбыл облысында егістік алқап 12,4 мың гектарға артты – әкімдік

Жамбыл облысында 2015 жылы егістік алқап көлемі 12,4 мың гектарға көбейді, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Жамбыл19 Маусым , 10:18

Әкімдік мәліметтеріне қарағанда, егіс көлемі 557,7 мың гектарды құрайды. Бүгінгі таңда 170,1 мың гектар жер айдалып, 287,3 мың гектар жер өңделіп, оның 132,8 мың гектарына жазғы дәнді дақылдар егілді. Сондай-ақ  28,4 мың гектарға көпжылдық шөп отырғызылса, 25,0 мың гектарға көкөністер, 91,5 мың гектарға майлы дақылдар егілді.  

Аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев жұмыс сапары барысында Жамбыл ауданының Бесағаш ауылындағы ауыл шаруашылығы алқаптарында болып қайтты, онда әкімге бірнеше жаңа өнімділігі жоғары қысқы дәндер мен бидай түрлері көрсетілді.    

«Бүгінде гектарынан 100 центнер өнім беретін дәнді дақылдардың өнімдері көз қуантарлық, сонымен қатар бізге қазір бидайдың құрамында балауызы жоғары қатты сұрыптарын өндіру жұмыстарын іске қосқан жөн. Сонда біздің макарон өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға   дәндерді солтүстік аймақтардан жеткізудің қажеті жоқ болады»,-деді ол.

 

 

 




Яндекс.Метрика