Ұлт денсаулығы - табысты болашағымыздың негізі

ОҚО-да туберкулез аурушаңдығы 4,1 пайызға төмендеді

Оңтүстік Қазақстан18 Қазан , 10:01

Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласының 2012-2013 жылдар бойынша атқарылған жұмыстарды тексеру барысында түберкулез ауруына шалдығу 49,5-тен 45,4-ке, өлім-жітім көрсеткіші 3,9-дан 3,4-ке төмендеді, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

«Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласының 2012-2013 жылдар бойынша атқарылған жұмыстарды тексеру барысында түберкулез ауруына шалдығу 49,5-тен 45,4-ке, өлім-жітім көрсеткіші 3,9-дан 3,4-ке төмендеді, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Денсаулық сақтау саласына 66,45 млрд. теңге (2012 жылы -51,7 млрд т) бағытталып,  2012 жылмен салыстырғанда 28,5%-ға артты. Оның ішінде 2013 жылы енгізілген ауылдық денсаулық сақтауды қаржыландыру жаһандық бюджеті - 8,6 млрд. теңгені құрап отыр», - деп хабарламада нақтыланған.  

Сонымен қатар, аймақта тоқ ішек рагын ерте диагностикалау жүргізілуде. Көрінетін жердегі қатерлі ісіктердің анықталуы 51,1% көтерілді, 5 жылға дейінгі тірі қалушылық 47,9% құрап отыр. Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіштері 39,7-ден 37,6-ға дейін төмендеді.

Оған қоса, облыста аймақтар деңгейінде алғашқы рет 11 науқасқа бүйрек алмастыру операциялары жасалды. Магистралды автожолдарда 4 бағытта кешенді жедел жәрдем бөлімшелері күшейтіліп, мамандандырылған бригадалармен қамтамасыз етілді.

 

 

 




Яндекс.Метрика