Адами капитал

Қазақстандық спортшы-әлем чемпиондары ант қабылдайды (Фото)

Алматыда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы оқу-жаттықтыру орталығының базасында АОСК-тың қатарына шақырылған мерзімді әскери қызметшілердің ант қабылдауы өтеді, деп хабарлады ведомство.
Алматы қаласы 19 Маусым, 10:02

Қарулы Күштердің қатарына Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының мүшелері, спорттың әр түрі бойынша әлемдік және континентальді біріншіліктің чемпиондары мен жүлдегерлері кіреді.  Олардың ішінде 2013 жылы Иранда өткен әскери қызметшілер арасындағы грек-рим күресі бойынша әлем чемпионы Бағлан Жақанша, 2014 жылы АҚШ-та өткен әскери қызметшілер арасындағы грек-рим күресі бойынша чемпионаттың қола жүлдегері Қорлан Жақанша, 2013 жылы өткен әскери қызметшілер арасындағы дзюдодан 35-ші әлем чемпионатының қола жүлдегері Қажымұқан Өтеулиев және басқалары бар.

Бір ай ішінде танымал спортшылар ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде бастапқы әскери дайындық курсынан өтті.  Ант қабылдағаннан кейін АОСК әскери қызметшілері әлемдік спорттық аренада ұлттық құраманың намысын қорғап, армиялық спорттың имиджін арттыратын болады.  

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика