Энергетика

Т. Вуд: Қазақстанда аз байытылған уранды сақтауға барлық жағдай жасалған

Қазақстанда қажетті инфрақұрылым, мамандар мен тәжірибе бар, ол МАГАТэ аз қамтылған уранын сақтауға жағдай дайын деген сөз, деді ҚР СІМ брифингінде МАГАТЭ төрағасы, Қазақстанда аз қамтылған уран банкін ашу жобасының жетекшісі Терри Вуд.
Астана қаласы18 Маусым , 19:21

«Біріншіден, Қазақстан өз аймағында аз  байытылған уранды сақтауға ұсыныс білдірді. Екіншіден, Қазақстанда ядролық қалдықтарға байланысты тарихтағы қауіпсіз оқиғалары көп. Мәселен, Үлбі металлургиялық зауыты 60 жылдық тарихқа ие. Сондай-ақ, республикада қажетті инфрақұрылым мен мамандар тәжірибесі жеткілікті. Қазақстанда барлық жағдай жасалған», - деді ол.

Айта кетерлігі, МАГАТэ аз байытылған уран банкін құру Өскемендегі Үлбі зауытында орналасады. АБУ банкі еріктілердің салымдарымен қаржыландырылады. Оның құрылуына 10 жылдық уақытқа донорлар 150 млн доллар жинады.

Айта кетерлігі, Қазақстан 2009 жылы МАГАТЭ аз байытылған уранын өз аймағында сақтау туралы ұсыныс жасады.

Анар  Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика