Энергетика

Қазақстанда аз байытылған уранның сақталуы қауіпсіз – МАГАТЭ

Қазақстанда аз байытылған уранның сақталуы қауіпсіз, деді МАГАТЭ төрағасы, Қазақстанда аз қамтылған уран банкін ашу жобасының жетекшісі Терри Вуд ҚР СІМ-де өткен брифингте.
Астана қаласы18 Маусым , 18:31

«Біріншіден, мен аз қамтылған уранға түсінік бергім келеді – бұл радиоактивті қалдықтарға жатпайды, оны сақтау кезінде де ешқандай қалдық сақталмайды. Бұл материал көп уақыт бойы сақтала береді. Материал мыс контейнерлерінде келеді, олардың көлемі 2 см. Ол өте мықты, төзімді контейнерлар, олар халықаралық сынақтардан өтті, тасымалдауға және сақталуға өте қолайлы», - деді Т.Вуд.

Оның айтуынша, аз қамтылған уран ядролық жанармайды құратын негізгі зат болып табылады.

«Осы орайда аз  байытылған уран қалдық болып саналмайды. Бұл ядролық жанармай дайындауға бағытталған материал. Ол операторда жанармай жеткізуде олқылықтар туған жағдайда қолданылатын зат ретінде қолданылады», - деді ол.

Анар  Тәңірқұлова

 

 




Яндекс.Метрика