Адамзаттық капитал

Алматыда медицина қызметкерлеріне арналған отбасылық жатақхана ашылады – әкімдік

Алматыда медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күніне 150 отбасы тұратын жатақхана салуға, емделушілерге қызмет көрсететін сall- орталықтарын құруға және үздік мамандарды ынталандыруға 1 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы18 Маусым , 19:06

Алматыда Медицина қызметкерлері күні мерекеленді. Салтанатты шарада Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов медициналық қызметтің үздік мамандарына грамоталар, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерін тапсырды.

Алматыда денсаулық сақтау жүйесінде 30 мыңнан астам медицина қызметкерлері еңбек етеді. Қалада тек соңғы үш жыл ішінде ғана 12 аурухана мен емхана салынды, таяу арада тағы бес нысан іске қосылатын болады. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру төрт есе өсті- 56,4 млрд.теңгеден 69,8 миллиард теңгеге жетті. Осы кезең ішінде Алматының денсаулық сақтау саласының рейтингі де өсті. Марапаттарды тапсырған қала басшысы саланың кәсіби мамандармен және заманауи техникамен толық қамтылуы рейтингті ғана өсіріп қойған жоқ, сонымен қатар қаладағы демографиялық өсім мен адам жасының ұзаруына да оң ықпал еткенін атап өтті.

«Біз жүргізілген жұмыстардың оң нәтижесін көрудеміз. Қала тұрғындарының өмірі сапалық жағынан жақсаруда. Өлім тұрақты азайып келеді, Алматы тұрғындарының өмір сүру жасы ұлғаюда. Тек соңғы жылы ғана ол бір жасқа – 74,6 жасқа ұзарды, еліміз бойынша орта деңгейден 3 жылға ұзақ», - деді Ахметжан Есімов.

Алматыда адамдардың табиғи жолмен өсу деңгейі де артуда, мысалы, мегаолисте әрбір 9-ыншы қазақстандық сәби өмірге келуде. Биылғы жылдың мамыр айының көрсеткіші бойынша қалада 3 710 ұзақ өмір сүрушілер тұрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 430 -ға көп, олардың 6 -ының жасы 100 -ден асқан.

Әкім жетістіктермен қатар шешімін күткен мәселелердің де бар екенін айтты.

«Медицина ұйымдарының менеджменттік және қаржылық тиімділігін арттырып, МЖС механизмін жетілдіруді ынталандырған жөн. Алматы елімізде емделуге келгендердің қолдауы қызметін дамытатын алғашқы қала болуы тиіс. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері кез- келген тенденциядан тыс қалмай, спорттық медицинаны, медицналық туризмді дамыту қажет», - деді Ахметжан Есімов.

Соңғы кездері шетелдік медициналық туристердің Алматыға деген қызығушылығы байқалуда. Мысалы, егер 2014 жылы мегаполиске емделу үшін 81 турист келсе, биылғы жылдың бес айы ішінде ғана Алматының медициналық мекемелерінде болған шетелдік қонақтар саны 121 адамға жетті.

Медицина қызметкерлерінне әлеуметтік қолдау көрсету де назардан тыс қалған емес. Осы сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күніне әкімдік 1 млрд. теңге бөлмек, соның арқасында 150 отбасы тұратын жатақхана салынады, емделушерге қызмет көрсететін сall-орталықтары желісі құрылады, үздік мамандар ынталандырылады. Естеріңізге сала кетейік, осыдан тура бір жыл бұрын медиктерді әлеуметтік қолдауға 1 млрд. теңге бөлінген еді. Ол қаржыға жатақхана салынып, қазір мұнда 140 медицина қызметкерлері, жас мамандар тұрып жатыр, сонымен қатар 2800 адамға біреттік сыйақы берілді, яғни медбикелер 180 мың теңге, ал дәрігерлер 280 мың теңге көлемінде сыйақы алды.

Сөзінің соңында қала әкімі денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне жоғары кәсіби біліктілігі мен өз істеріне адалдығы үшін алғыс білдірді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика