Ұлтаралық бірлік

ҚР Мемлекеттік хатшысы ҚХА жылын өткізу бойынша комиссия отырысын өткізді

Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы18 Маусым , 18:12

Отырысқа ҚР Парламенті депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері, республикалық этномәдени бірлестіктер басшылары, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н.Нұркенов, инвестициялар және даму вице-министрі С.Сәрсенов, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Н.Калашникова баяндама жасады.

Мәжіліс барысында Қазақстан халқы ассамблеясы жылының аралық қорытындылары шығарылып, Іс-шаралардың ұлттық жоспарын іске асыру және Ассамблея қызметін ақпараттық қолдау мәселелері талқыланды.   

 Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының іс-шараларын 100 нақты қадам Ұлттық  жоспарының  төртінші институционалдық реформасы – «Біртектілік және Бірліктің» «Баршаға бірдей қазіргі заманғы мемлекет» атты басымдығы аясында әрі қарай іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.    




Яндекс.Метрика