Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

«Нұр Отан» партиясының фракциясы Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында 15 заң жобасын қабылдамақ

«Мемлекеттік құрылысты әрі қарай дамытудың нақты 100 қадамы» Ұлт жоспары аясында «Нұр Отан» партиясының фракциясы 15 заң жобасын қабылдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Қазақстан -2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы мәжілісінің барысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті.
Астана қаласы18 Маусым , 18:47

«Билік партиясы 5 институционалды реформа мен Ұлт жоспарын жүзеге асыруға белсенді кірісті. Қоғамдық бақылауды  кеңейту мақсатында «Нұр Отан» партиясының фракциясы 15 заң жобасын қабылдауды жоспарлап отыр. Олардың арасында «Қоғамдық бақылау туралы», «Ақпаратқа қолжетімділік туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң жобалары бар»,-деді Бауыржан Байбек.

Оның сөзінше, қазіргі таңда Ұлт жоспарында көрсетілген мәселелермен үндесетін үлкен ұысыныстар енгізілген Жол картасы жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті.  

«Заң жобаларының 50 пайызы заңнамалық шаралар, 40 пайызы  нақты көрсеткіштерге қол жеткізу, олардың арасында Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі мен Бүкіләлемдік банк бар»,-деп түсіндірді партия төрағасының бірінші орынбасары.  

Бұған қоса «Нұр Отан» партиясы кең ауқымда талқыланған Саяси доктрина мен 2025 жылдарға дейінгі жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын қабылдады.

«Пратия доктринасының принциптері біздің тажәрибелік жұмыстарымыздың құнды бөлігін құрайды. Бұл азаматтық белсенділікті нығайту, ашық қоғам қру, мөлдір есепті мемлекет, жемқорлыққа қарсы тұру»,-деді Б.Байбек.  

Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Қазақстан -2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының мәжілісі өтіп жатыр. Жетекші партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері азаматтық қоғамның Ұлт жоспарын жүзеге асыру ісіне қатысуын талқылауда.    

 

 

 

 




Яндекс.Метрика