Тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік принципін енгізу

ҚР-да жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша сақтандыру шарасы өтеді - ІІМ

ҚР-да жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша сақтандыру шарасы өтеді, деп Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан18 Қазан , 09:27

Айта кетейік,  17 қазанында Астана қаласында Ішкі ІІМ-нің Алқа мәжілісі болып өтті, онда а.ж. 9 айдағы жедел-қызметтік жұмыстардың қорытындылары, сонымен бірге өзгенің мүлкін ұрлаудың алдын алу, ашу және тергеу жұмыстарының жай-жапсары, ішкі істер органдарының арнайы мақсаттағы бөліністерінің қызметтік-әскери дайындығын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

«Отырыста ұрлықтың алдын алуды, ашу және тергеуді, қызметтік және әскери дайындықты ұйымдастыруға жауапты орталық аппарат қызметтері басшыларының, сондай-ақ полицияның аумақтық бөлініс басшыларының есебі тыңдалды.Алқа мәжілісінде тіркелген қылмыстардың 60 %-ы ұрлыққа тиесілі екендігі, осыған орай өткен жылы Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жасаудың ведомстволық бағдарламасы әзірленгендігі айтылды», - деп хабарламада нақтыланған.

Сонымен қатар ұрлықтың алдын алу және ашуға қатысты жұмыстардың жүру барысы жеткіліксіз деңгейде екендігі сөз болды. Осыған орай Алқа отырысында орын алған жағдайды өзгерту  шаралары нақтылы талқыланып, Бағдарламаға түзетулер енгізу, сонымен бірге ұрлыққа қарсы күрестегі күзет құрылымдарының рөлін күшейту бойынша қажетті шараларды әзірлеу, ұрлықтың алдын алу мен ашудағы учаскелік полиция инспекторларының рөлін көтеру тапсырылды.

Арнайы мақсаттағы «Арлан», Жедел қимылдайтын арнайы жасақтың қызметтік-әскери дайындығының жай-күйі мәселелері жеке қаралды. Министрлік бұл бағытта арнайы бөліністерге барлық қажетті жағдайлар туғызған. Бүгінгі таңда олар керекті жабдықтармен, қару-жарақтармен қамтамасыз етілген. Арнайы бөліністердің ережелері қайта өңделіп, Әскери дайындық бағдарламасы әзірленді.

Министр бірінші кезекте, «Арлан», ЖҚАЖ арнайы бөліністерінің, содан кейін ішкі істер органдарының барлық жеке құрамының кәсіби дайындығын тиісті дәрежеде ұйымдастыру қажет екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, қызметкерлердің кәсіби дайындық деңгейлерін көтеру, өңірлердегі кадрлық аппаратқа бақылауды және басшылардың жеке жауапкершіліктерін күшейту, сондай-ақ, ІІД-нің әскери және қызметтік дайындығын тексеру жөнінде кешенді түрде нақтылы шараларды әзірлеу тапсырылды.

Министр ішкі істер органдарының алдында тұрған жұмыстардың бірқатар маңызды бағыттарына – қылмыстарды толыққанды тіркеуді қамтамасыз ету бойынша қатаң бағыттан таймау, қылмысты ашуды тиімді ұйымдастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне тоқталып, астын сызып шегеледі.

 Қалмұханбет Қасымов қазіргі таңда қоғамдық тәртіпті күзету және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс нәтижелеріне маңызды талаптар қойылып отырғандығын атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстарда ІІО-ның жүйесі жаңа жауапты кезеңді басынан өткеруде. Бүгінгі күні көшедегі қылмыс пен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес, жолдағы қауіпсіздік жағдайлары қоғамның ерекше назарында.

Осыған орай қызмет басшылары мен ІІД бастықтарына ЖКО өсуінің себептеріне талдау жүргізу, жолдағы тәртіпті жөнге салу бойынша бағдарлы, қатаң шараларды қабылдау, сондай-ақ, барынша жеке құрамды жұмылдыру негізінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кең көлемді республикалық профилактикалық шараларды өткізу тапсырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика