Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Е.Досаев: Алғашқы институционалды реформа еңбек ақысын төлеу жүйесін енгізуді қарастырады

Алғашқы институционалды реформа 2016 жылдың қаңтарынан бастап еңбек ақысын төлеу жүйесін енгізуді қарастырады, деді ҚР Ұлттық экономика министрі Жаңғырту бойынша ұлттық комиссия мүшесі Ерболат Досаев «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясы кеңесінде.
Астана қаласы18 Маусым , 17:12

«Ұлттық комиссия әрбір қадамды тыңғылықты қарауда. Алғашқы институционалды реформа еңбек ақысын төлеуді енгізуді қарастырады. Ол 2016 жылдың қаңтарынан бастап енгізілуі мүмкін: тұрақты оқыту жүйесінің заңды түрде бекітілуі, мемқызметкерлердің біліктілігін арттыру, мемқызметке қызметкерлерді жинауды қарастырады», - деді Е.Досаев.

Оның айтуынша, жұмыс негізіне Сингапур моделі алынды.

«Біз А корпусын қалыптастыруда тұңғыш қадам жасадық. Біз үздік елдердің тәжірибесін қолдандық, олар 25-30 жыл ішінде мемқызметті трансформациялады. Екінші, Мемлекет басшысы заң төрелігін қамтамасыз етуді талап еткен. Аталмыш бағыт сот жүйесін оңтайландыруды қарастырады.», - деді Е.Досаев.

Ботагөз Айтжанова

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика