Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

2014 жылы жергілікті атқарушы органдардың қарауына 260-тан астам қызмет түрлері берілді

Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін кеңейту мақсатында 2014 жылы жергілікті жерлерге 260-тан астам қызмет түрлері берілді, жергілікті өкілетті органдардың рөлі өсті, деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Қазақстан -2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы мәжілісінің барысында.
Астана қаласы18 Маусым , 17:01

«Стратегия-2050» бағдарламасын жүзеге асыра бастағалы тарихымызда алғаш рет ауыл әкімдерін сайлау басталды. Бүгінде тұрғындармен жұмыс істейтін әкімдердің 92 пайызы сайланады. Бұл жергілікті биліктің есептілігін қамтамасыз етіп, азаматтардың жергілікті жерлердегі жағдайларға ықпалы артты. Мемлекет басшысының атап өткеніндей, қазақстандықтардың жергілікті өзін өзі басқару ісіне белсенді араласуының тәжірибесі мен дәстүрлері кеңейтіліп, саяси жүйені жаңғыртуға деген тағы бір қарышты қадам жасалды»,-деді Б.Байбек.  

Оның сөзінше, жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін кеңейту бағытында өткен жылдың өзінде жергілікті жерлерге 260-тан астам қызмет түрлері беріліп, өз кезегінде бұл жергілікті өкілетті орган өкілдерінің рөлін арттырды.

«Бүгінде мәслихаттар аймақтарды дамытудың барлық тетіктеріне ие, жергілікті әкімдер мен аймақтардан Сенат депутаттарына өкілдерді сайлай отырып, қалалық, аудандық және облыстық маңыздағы әкімдерді сайлауға келісімдерін бере отырып, мәслихаттар әкімдерге сенімсіздік танытуға, бюджетті бекітумен және жергілікті бағдарламалармен байланысты мәселелерді шешуге, өздеріндегі арнайы ревизиялық комиссиялар арқылы қаржының игерілуін бақылауға алуға құқылы. Елбасы саясатының нәтижесі ретінде біз азаматтардың жергілікті жерлердегі белсенділіктерінің артқандықтарын көріп отырмыз, азаматтар өздерінің құқықтарын белсенді жүзеге асыруда, өздерінің көзқарастарын айқын таныта отырып бастамашыл топтар құруда, тәуелсіз ақпарат құралдарын, әлеуметтік медиа және үкіметтік емес ұйымдар құруда»,-деді Б.Байбек.    

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика