Адами капитал

Көкшетауда медицина қызметкерлері пәтер кілттеріне ие болды (Фото)

Медицина қызметкерлерінің күніне орай Көкшетауда екі көппәтерлі тұрғын үй тапсырылып, медицина қызметкерлері жаңа пәтер кілттеріне ие болды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақмола 18 Маусым, 17:54

«Елбасының салиқалы саясатының арқасында елде мемлекеттік тұрғын бағдарламасы қарқынды жүзеге асуда. Бүгінгі шара – Елбасының халықтың барлық деңгейін баспанамен қамту тапсырмасының жүзеге асуы», - деді облыс әкімі Сергей Кулагин.

«Медицина қызметкерлері мерекесі аясында бізде дәрігерлерге, мейірбекилерге, санитарлар мен өзге қызметкерлерге алғыс айтудың тамаша мүмкіндігі туып отыр. Медицина қызметкерлерінің еңбегі – адамдарға қызмет ету. Сіздерді шын жүректен мерекемен құттықтаймын. Жаңа қоныстарыңыз жайлы болсын!», - дед әкім.

Айта кетерлігі, екі үй жалдамалы баспана болып есептеледі. Әрбіреуінде 18 пәтерден бар. Медицина қызметкерлері 36 пәтерге ие болды, оған облыстық бюджеттен 275 млн теңге бағытталған болатын», - делінген хабарламада.

 





Яндекс.Метрика