Мәдениетті жаңғырту

Астана мен Павлодарда Маңғыстау облысының мәдениет және өнер күндері өтеді

Астана мен Павлодарда Маңғыстау облысының мәдениет және өнер күндері өтеді, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Маңғыстау18 Маусым , 20:46

Хабарламада Маңғыстау облысының мәдениет және өнер күндері Астанада 22,24 маусым аралығында өтетіндігін хабарланған.   

Аталмыш шара аясында О.Тұржанның әдеби кешін ұйымдастырады, күйші С.Шақраттың концерті, облыстық музыкалық-драма театры «Абылай хан» спектаклін көрсетеді, қуыршақ театры көрермендерді «Қаңбақ» ертегісімен қуантады.    

Сонымен қатар,  «Жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстау» – «Мангистау – полустров сказок и легенд» атты көрме мен Маңғыстау өңірі өнерпаздарының «Сарыарқа – елдің жүрегі, түбектің сенде тілегі!» гала-концерті өтеді.

Бұған қоса, Маңғыстау облысының мәдениет және өнер күндері Павлодар облысында 25-27 маусымда өтеді.

«Мәдениет күніне орай «Керекуді кернесін ақжарма-саз» Маңғыстаудың орындаушы және дәстүрлі музыка майталмандарының концерті мен Тамара Асардың сондай-ақ «Жорға» би ансамблінің концерттері болады. Облыстық музыкалық-драма театры «Ана-Жер-Ана» спектаклін қояды.  

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика