Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Б. Байбек: Институционалды реформалар қарапайым қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартады

Институционалды реформалар қарапайым қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуды түбегейлі қамтамасыз етеді, деп мәлімдеді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Қазақстан-2050» Демократиялық жалпұлттық күштер коалициясының отырысында.
Астана қаласы18 Маусым , 15:58

«ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының нәтижесі  халықтың тез арада роформалар өткізуге мандаты. Коалиция мүшелері халықтық реформалардың жүзеге асырылуына жауапты. Халыққа қызмет көрсетіп отырған кәсіби мемлекеттік аппарат, әділ сот төрағалары және ашық құқыққорғау органдары, индустрияландыру және әлеуметтік-экономикалық өсім, бірлік пен біртұтастылық сынды міндеттерге қол жеткізу мемлекеттен, қоғам мен халықтан үлкен жұмысты талап етеді»,  деді Б. Байбек.

Партия төрағасының бірінші орынбасары атап өткендей,  Елбасының реформалары халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруға, азаматтық бастамалар мен қоғамдық бақылауларды кеңейтуге бағытталған.

«Реформалардың өзектігі ескеріліп «Ұлт жоспары  100 нақты қадам» жарияланды. 5 реформа мемлекеттік бағыттың жалғасы және оларды жүзеге асыру Қазақстанға әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуі жолында институционалды негізін жасақтайды. Бұл жолды барлық табысты мемлекеттер жүріп өтті. Институционалды реформалар қарапайым қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуды түбегейлі қамтамасыз етеді. Сондықтанда олар шетелдік саясаткерлер мен сарапшылардың жоғары бағасына ие болды»,  деп сендірді Б. Байбек.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика