Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында мини-футболдан республикалық турнир басталды

Астанада 2013 жылдың 18-19 қазан аралығында «Сарыарқа» велотрегінің футбол залында мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында мини-футболдан республикалық турнир өтеді, деп Спорт және дене шынырықтыру агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы18 Қазан , 09:18

«Шараның мақсаты балалардың әлеуметтенуі мен мүмкіндігі щектеулі жандардың зияткерлігін арттырып, қоғамның көзқарасын өзгерту», - деп ведомствоның хабарламасында нақтыланған.

Спорттық шараға 200 қатысушы қатысады деп жоспарланып отыр. Шарадан кейін Астана қаласының ойын-сауықтыру кешендерінде саяхат ұйымдастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика