Өңірлер

Павлодар облысының КҚО 4 мыңға жуық консультациялар берді - ҰКП

2015 жылдың 5 айында Павлодар облысының кәсіпкерлікті қолдау орталықтары 2 мың 500 адамға ақыл-кеңес берді, олардың арасында мыңнан астамы шағын және орта бизнес өкілдері, деді ҚР ҰКП.
Павлодар19 Маусым , 08:37

Кеңестердің басым көпшілігі Ақсу мен Екібастұз қалаларында көрсетілді. Консультациялық қызметтермен қатар КҚО менеджерлері жобаларды үсйемелдеу, бизнес-жоспарларды дайындау, кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау бағытында  тиісті жұмыстар атқаруда. «Бизнес-кеңесші» курсының аясында 400-ден астам ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер оқып, білім алды.    

Павлодар облысының КҚО-да 25 менеджер-консультант жұмыс істеуде, олардың 20-ы аудан орталықтарында, ал 5-уі моноқалаларда. ауданының Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының  арқасында  Темірлі ауданындағы «Салун» шаруа қожалығының басшысы Алексей Савукин егін жұмыстарын жүргізу үшін несие алды.

Бұрын ол осы несиені алу үшін ауыл шаруашылығын қолдау қорына қайырылған болатын. Алайда, қор мамандары оның меншігіндегі мүліктерін тексере келе, бірқатар кемшіліктер мен түзетуді қажет ететін мәселелерді анықтаған. Осы мәселелрді түсіндіріп беру үшін шаруа қожалығының басшысы кәсіпкерлерді қолдау орталығына келіп, онда оған барлық кемшіліктерді жоюға көмек көрсетілді.  

«Аз ғана мерзім ішінде менеджер-консультанттар құжаттардағы барлық кемшіліктердің қалпына келтіріп, бизнес-жоспар жасауға көмектесті. Кәсіпкер ауыл шаруашылығын қолдау қорына қайта барғанында Алексей Алексейұлының құжаттарын қарап, оның өтінішін мақұлдады»,-делінген хабарламада.   

 




Яндекс.Метрика