Білім беру

ҚР БҒМ-дағы конференцияда оқулықтармен қамту мәселесі талқыланды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті және «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Астана қаласында «Нұр Орда» халықаралық мектебі базасында «Білім берудің құндылықтары және заманауи оқулық» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Астана қаласы18 Маусым , 16:48

ҚР БҒМ хабарлағандай, конференцияның мақсаты – заманауи білімдік құндылықтарды талқылау және олардың оқулықтарда берілуінің жолдарын анықтау.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттары, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР БжҒМ республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдардың , аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттері,  қазақстандық және шет елдік баспалардың (Ұлыбритания, Греция және Ресей) өкілдері, сонымен қатар ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектеп мұғалімдері, оқу басылымдары авторлары және сарапшылары қатысты.

Конференция барысында оқулықтарға сараптама жүргізуді, әзірлеуді жетілдіру, білім берудің барлық деңгейлері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді басып шығару, МЖМБС– оқу бағдарламалары – оқулық - білім беру үдерісі – жеке тұлға сабақтастығын сақтау, «Мәңгілік ел» Ұлттық идея құндылықтарын білім беру мазмұнына енгізу бойынша талқылаулар өткізілді.

Конференция жұмысы қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика