Халықаралық интеграция

Римде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің келешегі конференциясы өтті

Италия Парламентінде Қазақстан Елшілігі итальяндық ISAG Геосаясат және сабақтас пәндердің жоғарғы мектебі институтымен бірлесіп, «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің келешектері» конференциясын ұйымдастырды, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде 18 Маусым, 16:32

Іс-шараға әлемнің жетекші конфессияларының өкілдері мен Италияның институционалдық органдарының өкілдері, көрнекті қоғам, мәдениет және ғылым қайраткерлері, Римнің әртүрлі университеттерінің профессорлары мен оқытушылары, сарапшылар, сондай-ақ Италияның БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстанның Италиядағы Елшісі Андриан Елемесов өз баяндамасында итальяндық жұртшылықты егемен Қазақстан жағдайында тек саяси мәдениеттің нормасы емес, сонымен қатар мемлекеттік саясаттың тұтқалы қағидатына айналған дінаралық және этносаралық төзімділіктің қазақстандық үлгісімен таныстырды. Мұның дәлелі Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді қызметі мен жаһандық конфессияаралық әлемді нығайтуға жағдай жасайтын бірегей халықаралық форум – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін өткізу екені атап өтілді.

Іс-шара қатысушыларына ағымдағы жылдың 10-11 маусым аралығында Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары V съезінің қорытындылары туралы ақпарат берілді. Аталмыш съезд әлемдік қауымдастықтың тұрақтылық және қауіпсіздік үшін ынтымақтастыққа жалпы шексіз мүдделілігін тағы растады.

Итальяндық тарап өкілдері өз баяндамаларында Қазақстанның бұл салада әлемде үлкен қызығушылық тудырып отырғанын, ал оның қорытындылары тек рухани көшбасшылар емес, сондай-ақ әлемдік, әртүрлі елдердің мемлекеттік элиталары арасында да кеңінен қолдау тапқанын айтып өтті. Атап айтқанда, «Солтүстік Лигасы» партиясының атынан Италия Парламентінің депутаты Паоло Гримольди өз сөзінде Қазақстанда түрлі діндер өкілдерінің қатар өмір сүруі мен діни сенім бостандығына құрметпен қараудың жарқын мысал болып табылатынын, ал халықаралық қауымдастық Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі қызметінен оң нәтижеге ие болып жатқанын баса айтып өтті.

Өткен бес съездің Қазақстан Республикасының түрлі, тіпті өзара даулас тараптардың диалогін ұйымдастыру ісіне және қазіргі заманғы қарсылықтарды шешуге бастамашы болып, нақты үлес қосып отырған мемлекет ретінде халықаралық аренадағы беделін одан әрі көтеруге әсер еткені аталып өтті.

 





Яндекс.Метрика