Өңірлер

ҰКП құрылыстың жаңа ережелерін енгізетін жобаны таныстырды

ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері Құрылыстың бірыңғай ережелері жобасын жаңа редакцияда таныстырды. Аталмыш құжатты Ұлттық палата салалық қауымдастықтармен бірге дайындады.
Астана қаласы18 Маусым , 13:57

Дайындалған құрылыс ережелері ҚР барлық аймақтарында архитектура, қала құрылысы және құрылыс салалары бойынша қолданылуы тиіс міндетті бірыңғай ережелерді қарастырады.  

«Қазір бізде құрылыс комитетінің мәжілісі болды. Біз құрылыс ережелері бойынша бірыңғай құжаттың ішкі жақтарын толықтыру мәселесін талқыладық. Оның қандай болатыны, қандай инфрақұрылым мен бөлімдері қандай болу қажеттігі нақтыланды. Жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр, біз бір айдың көлемінде оны қалың көпшіліктің назарына ұсынамыз. Біз қазір әрбір бөлім бойынша келіспеушіліктерді еңсерудеміз»,-деді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Астанада өткен брифингте.   

Оның сөзінше, құжат қазіргі бюрократиялық процедураларды, құрылыс үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етіп, жемқорлық әрекеттерді жоюға бағытталған.  

«Ең бастысы біз  құжат бойынша «жалғыз терезе» қағидатын енгізбекпіз. Біз қарау барысында әрбір кезеңді емес, нақты қызметті  талқылағанын қалар едік. Бұның барлығы біздің бағалай білуіміз үшін, мемлекеттік қызмет кешенді болуы үшін қажет»,-деді ол.   

Айта кететін мәселе, жобаның ережелерінің жекелеген талаптарын енгізу тиісті өзгерістер енгізуді қажет етеді. Соның ішінде өзгерістерді Жер Кодексіне, «Архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңына енгізу қажет. Ережелер енгізілген жағдайда Ұлтық экономика министрінің бірқатар бұйрықтары күшін жоғалтатын болады.  

Анар Тәңірқұлова

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика