Басқару

ҚСЗИ конференциясында жаһандық геосаяси трендтердегі Орталық Азияның ролі талқыланады

Астанада ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Ф. Эберт қорының Орталық Азиядағы өкілдігі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін 2015 жылдың 18 маусым күні өтетін «Жаһандық трендтердегі Орталық Азия» атты халықаралық конференция ұйымдастырылды, деп хабарлады ҚСЗИ баспасөз қызметі.
Астана қаласы18 Маусым , 16:17

Аталып өткендей, халықарлық жағдай күрт өзгеретін қазіргі кезде шешімі қиын саяси-экономикалық проблемаларды реттеуде жаһандық және аймақтық үдерістер деген ұғымдар негізгі факторлар болып отыр. Осыған байланысты сынақтар мен қауіп-қатерлерді талдауда сарапшылар бағасының ролі артып келеді. Сондықтан сарапшылар форумының негізгі мақсаты – әлемдік саясат пен экономикаға Орталық Азия тұрғысынан тереңірек үңілу. 

Конференцияға Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Ресей, Қытай, Иран, Ұлыбритания, АҚШ, Түркия елдерінің сарапшылары мен ҚР мемлекеттік органдарының, БАҚ, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады, делінген хабарламада. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика