Ұлтаралық бірлік

Елдің туризм саласына 2014 жылы 125 млн инвестиция тартылды – ҚР түріктер қоғамдастығы

2014 жылы 125 млн теңгенің инвестициясы тартылды, деді ОКҚ брифингінде ҚХА кеңесінің мүшесі, «Ахыска» Қазақстанның түріктер қоғамдастығы» ұйымының төрағасы Зиятдин Касанов.
Астана қаласы18 Маусым , 12:47

«Этномәдени орталықтың басты мақсаты – келісім мен қоғамдық бейбітшілікті сақтау. Қазақстан экономикалық кеңістікте нәтижеге ие. Республикалық түрік орталығы біздің елдің әлеуметтік бағдарламасына үлес қосуға ниетті. Түрік Республикасымен жақсы қарым-қатынас орната отырып жұмыс жүргізілуде, 2011 жылы үкіметпен келісе отырып, біз Талғар қаласында қазақ-түрік лицейін аштық. Жобаның жалпы құны 10 млн доллар. Мектеп 500 адамды қамтиды, 350-і жатақханада тұрады. Олар қазақ, түрік, ағылшын және орыс тілдерінде оқиды», - деді З.Касанов.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, Қазақстанда 18 спорт залы мен бірқатар мешіттер салынған.

«Біз ҚР Президенті айтқан бағдарламаларға қатысамыз.Тек қана 2014 жылы туризм саласына 125 млн доллар тартылды. Елде болып жатқан оқиғаларға белсенді қатысудамыз. Мәселен, Қызылағаш  ауылында спорт залы мен монша-жуу комбинаты ашылды», - деді ол.

Оның айтуынша, түрік этномәдени орталығы мемлекеттік тілді енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде.

«Біз мемлекеттік тілді меңгеру бойынша олимпиадалар өткіземіз. Онда барлық этномәдени бірлестік өкілдері қатысады. Өткен жылы грек қызы 1-ші орын алды», - деді ол.

Ботагөз Айжанова

 

 




Яндекс.Метрика