Астана күні

«Атамекен» Қазақстан картасы» кешені елге келушілерді мемлекет тарихы мен халық мәдениетімен таныстырады

Астана күні мерекесінің қарсаңында Strategy2050.kz Астананың ең әсем ғимараттарына арналған материалдар легін жариялайды.
Астана қаласы18 Маусым , 15:18

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешені 2001 жылдың 8-қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған болатын. Кәсіпорынның құрылтайшысы Астана қаласының әкімдігі.

«Атамекен» картасы қызметінің мақсаты – еліміздің тарихи-мәдени және рухани құндылықтарын сақтау, оның көпшілікке қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғындарды оларды білуге үйрету, Қазақстан мәдениетінің жетістіктерін насихаттау, еліміздің тарихи  мұраларын зерттеу ісіне үлес қосу, мәдениет құндылықтарды сақтап, көбейту болып отыр.   

«Атамекен» Қазақстан картасы» көркем-ағартушылық кешені онда келушілерді мемлекеттің тарихымен және халықтың мәдениетімен таныстырады. Асқар таулар, биіктіктер, дала, ормандар, өзендер, ірі қалалардың көрінісі аталған мәдениет орталығының символикалық көріністерін түзеді. Картаның қызықты жақтары Каспий теңізінің қолданбалы әдіспен бейнеленген көрінісі болып табылады. Еліміздің басты автомобиль және темір жол жолдарына дәлме-дәл сәйкестендірілген жол карталарына саяхат жасай отырып, Қазақстанның ең көрікті жерлерін анықтауға болады.  

Этномемориалды кешен көлемі 1,7 гектар. Картада еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалалары бейнеленген.   

Анар Тәңірқұлова

 

 

 




Яндекс.Метрика