Энергияның балама көздерін дамыту

Алматы облысында 2016 жылға дейін 7 ЖЭС мен 3 күн энергостанциясын салу жоспарлануда

Алматы облысында 2016 жылға дейін 7 ЖЭС мен 3 күн энергостанциясын салу жоспарлануда, деп мәлімдеді ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Алматы облысының «Нұр Отан» ХДП XV съезінің делегаттарымен кездесуінде.
Алматы қаласы18 Қазан , 08:47

«Облыста қазірдің өзінде 9 шағын СЭС жұмыс істеп тұр. 2016 жылға дейін тағы 7 ЖЭС мен 3 күн энергостанциясын салу жоспарлануда», - деді Н.Қаппаров.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның «жасыл» экономикаға өтуіндегі жұмыстар аясында жергілікті атқарушы органға аталмыш  тұжырымдамаға сай аймақтық даму бакғдарламасын қолға алу міндеті жүктелген.

«Қалдық және су ресурстарын  басқаруға  ауа ластануын төмендету, тұрақты ауылшаруашылық  ұстанымдарын енгізу, энергоүнемдеуде тиімділікті қолға алу, энергоқорды  модернизациялау мен жаңартылған энергия көздерін дамыту жүйесін модернизациялау  бойынша шараларды жүзеге асыру керек», - деді өз сөзінде Н.Қаппаров.

Сонымен қатар,  министр Алматы облысының республиканың болашағы жарқын аймақтарының бірі екеніне тоқталды. Оның айтуынша, мұнда ғылыми күш те, табиғи, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық ресеурстар және маңызды транзиттік болашақ пен ауқымды тәжірбие бар.

Министр жаңартылған энергия көздері нысандары құрылысы жоспары аясында облыстың электроэнергия өндіруді жетілдіру бағдарламасына оң бағасын берді.

Өз кезегінде шараға қатысушылар облыс экологиясын шешу мәселесіне қатысты өзара біріге жұмыс істеу керектігіне бір  ауыздан келісті.

 

 




Яндекс.Метрика