Евразиялық одақ

ЕАЭО қазақстандық бизнес үшін үлкен мүмкіндіктер ашады - сарапшы

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одағына қатысуы қазақстандық бизнес үшін үлкен мүмкіндіктер ашып отыр, деді ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Евгений Хон Strategy2050.kz. ақпарат агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.
Астана қаласы18 Маусым , 14:32

«2010 жылдан бастап, КО мен ЕАЭО аясындағы тауар айналымы импорт пен экспортты қоса алғанда айтарлықтай артты. Жалпы алғанда өсім экспорт бойынша да импорт бойынша  да жақсы, әрине 2014 жылғы көрсеткіштерді есептемегенде, өйткені бұл әлемдік экономикадағы, нақтырақ айтқанда, Ресей экономикасының өсу қарқынының төмендеуімен байланысты туындаған қиындықтар болуы мүмкін. Ал, ЕАЭО аясындағы қазақстандық бизнестің жағдайына келетін болсақ, бұл жерде меніңше, Қазақстан экономикасы мен бизнесі үшін үлкен стратегиялық мүмкіндіктерге жол ашылғалы отыр»,-деді Е.Хон.   

Оның пікірінше, Қазақстанның ЕАЭО қосылуы ел экономикасының жағдайын, оның жетілдіруі қажет тұстарын да көрсетіп отыр.

«Қазақстан үшін ел экономикасының жағдайын, оның жетілдіруі қажет тұстарын –шикізатқа тәуелділік әлемдік нарықтардың көрсеткішіне байланысты екенін көрсетіп отыр.  Біз қаншалықты бәсекеге қабілеттіміз, шикізатпен байланысты емес қандай кәсіпорынды дамыту үшін қандай шаралар атқару қажет деген мәселелерді меңзеп отыр»,-деді ол.   

Сарапшының пікірінше, ЕАЭО қазақстандық кәсіпкерлер үшін тауарларын өткізу алаңын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді, ТМД-дағы  тұтынушысы 170 мың адамды құрайтын ірі жалпы нарық қалыптасты.    

Анар Тәңірқұлова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика