Адамзаттық капитал

«Боровичок» лагері Астананың балалар үйі тәрбиеленушілеріне есігін айқара ашты (ФОТО)

Жазғы демалыс маусымы қарсаңында Ақмола облысы аумағындағы Ақкөл ауданында «Боровичок» лагері балалар үшін есігін айқара ашты. Аталған демалыс орны 25 жылдан бері балалар үйі тәрбиеленушілерінің сүйікті орталығына айналған.
Ақмола 18 Маусым, 17:23

««Боровичок» лагері табиғаты әсем жерде орналасқан. Демалыс кезінде балалардың таза ауада көбірек болуына және сапалы білім алып, спортпен айналысуына барлық жағдай жасалған. Мұнда жыл сайын балалар үшін табиғатты қорғау жөнінде арнайы сабақтар өткізіледі. Қазіргі уақытта демалыс орында 134 бала демалуда. Демалыс орын тек жаз айында ғана емес, сонымен қатар, жылдың төрт мезгілінде де жұмыс істейді. Қыста көбіне жоғары сынып оқушылары келіп демалыстарын осы жерде өткізеді», - дейді балалар үйінің тәрбиешісі Бәтеш Смағұл.

Айта кетейік, балалар үйінің құрамына 15-20 тәрбиеленушіден тұратын 12 жанұя кіреді, мұнда балалар 4 жасынан бастап мектеп бітіргенге дейін тәрбиеленеді. Жанұялар туыстық байланыстарды ескере отырып құралған.

«Ата-анасының мейірімінсіз қалған бүлдіршіндерге қандай көмек көрсетсек те жарасады. Биылғы жылы балалар үйінің 134 тәрбиеленушісі үш маусым бойы - 1 шілдеден 31 тамызға дейін жазғы лагерьде демалатын болады. Жыл сайын мұнда келушілердің саны азайып келеді, бұл әрине қуанышты жағдай. Яғни, бұл елімізде жетімдердің саны азайып жатыр деген сөз», -  деді Астана қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Эльмира Суханбердиева.

Айта кетейік, мереке аясында оқу жылы қорытындысы бойынша көзге түскен оқушылар құнды сыйлықтармен марапатталды. Мектеп түлектеріне аттестаттар мен куәліктер табысталып, мерекелік күн «Достар арасында» көңілді би кешімен аяқталды.

 





Яндекс.Метрика