Басқару

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Ғылым академиясы экономика институтының Құрмет белгісімен марапатталды

Мәскеуде Ресейдегі Қазақстан Елшілігінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Ресей ғылым академиясы Экономика институтының Құрмет белгісімен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде18 Маусым , 13:07

Награданы Қазақстан Республикасының Президентіне табыстауды өтінген Экономика институтының директоры Руслан Гринберг келесі пікірімен бөлісті.

«Мен үшін Еуразия одағының құрылуына негіз салған адам ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа біздің институттың құрмет белгісін беру зор мәртебе. Біз әлемдік экономикада ортадан тепкіш күштері ортаға тартқыш күшінен басым болып отырған беймаза кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Осы орайда әлемдік экономикада болып жатқан аймақтандыру үдерісі қалыптасқанын атап өту қажет. Ресей және Қытайдың арасында орналасқан экономикасы шағын Қазақстанды басқару үшін тек ақыл мен кәсібилік қана емес, сонымен бірге ержүректілік те қажет екендігін атап өткім келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы – дәл сондай ержүрек адам, көреген саясаткер және ол Қазақстан Республикасын басқарып отырғанына мен шынайы қуанамын», – деді институт директоры.

Құрмет белгісін қабыл алған Ресейдегі Қазақстан Елшісі Марат Тәжин өз кезегінде ресейлік академикке Қазақстан Республикасы Президентінің ерекше қызметін мойындағаны үшін ыстық ықыласын білдірді.

«Нұрсұлтан Әбішұлы экономикалық ғылымның және тәжірибенің дамуына қосқан үлесіне жоғары баға бергеніңіз үшін алғысымды айтамын. Жалпы алғанда Қазақстанның экономикалық даму үлгісі Президенттің экономикаға көзқарасының дамуымен айқындалды. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан жоғары экономикалық тиімділікті көрсетіп отырғаны – бұл Нұрсұлтан Әбішұлының ерік-жігерінің нәтижесі», – деді М. Тажин.

Қазақстан Елшісі РҒА Экономика институты мен Қазақстан арасында ұзақ уақыттан бері тығыз әрі жемісті байланыс орнатылғанын еске сала кетті және бұл қарым-қатынас одан әрі жалғасын табатынына сенімін айтты.

Салтанатты шараға Қазақстан елшілігінің қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика