Адамзаттық капитал

Ақмола облысында аула клубтарының слетін өткізу жұмыстары басталды

Есіл ауданында аула клубтарының «Біз біргеміз» атты слеті басталды, деді Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола18 Маусым , 20:09

Слет «Жазғы демалыс-2015» бағдарламасының аясында және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшенің есебінде тұрған кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту мақсатында ұйымдастырылған. Шараны Есіл ауданының білім бөлімі ұйымдастырды.   

«Слет жазғы демалыс кезінде кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандарды құқықбұзушылықтың алдын алу сияқты пайдалы істермен айналысуға тарту, демалуға және тәуекел топтарына жататын балаларды сауықтыруға бағытталған»,-деді шараны ұйымдастырушылар.   

Слетке сонымен қатар, Есіл ауданының аула клубтарының тәрбиеленушілері мен балалардың қоғамдық ұйымдары мен жасөспірімдер шығармашылығы сарайларының өкілдері де келді. Іс-шараға барлығы 160 адам қатысты.   

«Есіл ауданының  әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан 130 бала Қостанай облысының «Бағдаршам» орталығына жіберілді»,-делінген хабарламада.

 

 




Яндекс.Метрика