Евразиялық одақ

ЕАЭО-ның кедендік шекарасындағы мемлекеттік бақылау жетілдіріледі -ЕЭК

Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясында сауда, интеграция мен макроэкономика, кедендік серіктестік салаларындағы бірқатар мәселелер қарастырылды.
Әлемде18 Маусым , 15:32

ЕЭК-тің  баспасөз қызметі хабарлағандай, атап айтар болсақ, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Кеңес немесе Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясы шешім қабылдау алдында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылау органдарының өзара қарым-қатынасы бойынша кеңес беру комитеті аясында  ЕЭК Коллегиясы  міндетті түрде консультация өткізуі керек сұрақтар туралы» өкім жобасы мақұлданды.

Кеңестің өкім жобасына Еуразиялық экономикалық одақтық кедендік шекарасындағы өткізу пунктерін дамыту және пайдалану бойынша бірінші кезектегі мәселелер енді. Олар Одақтың кедендік шекарасындағы қолданыста жүрген мемлекеттік бақылау әдістерін өзгертеді, сонымен қатар өткізу пунктеріндегі бақылау органдарының өзара қарым қатынасын жетілдіреді және стратегиялық даму міндеттерін анықтайды.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика