Өңірлер

А.Турс СҚО-да барлық этностарға туған тілін үйрену үшін жасалған жағдай туралы айтты

Солтүстiк Қазақстан облысына Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының Аз ұлттар iстерi жөнiндегi Жоғарғы комиссары Астрид Турспен кездестi. Турс ханымның сапарының негiзгi мақсаты — Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған конференцияға қатысу, сондай-ақ, Ассамблеяның өңiрлердегi филиалдарының жұмысымен танысу, деп хабарлады СҚО әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан18 Маусым , 15:03

Кездесудi ашқан өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов Елбасымыздың Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктеген мiндеттерi туралы айтып бердi. Бұның iшiнде, Қазақстанның дамыған отыз мемлекет қатарына енуi, жалпықазақстандық сәйкестiк пен азаматтықтың келешекте нығаюы кiредi.

«Ассамблеяның басты мiндетi — бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға ат салысу, ортақ болашақ құру», — дедi Ерiк Хамзаұлы.

Өңiр басшысы делегацияға облыстағы этникалық топтардың дамуы, тiлiнiң, мәдениетi мен әдет-ғұрпының сақталуы үшiн жасалып жатқан жағдайларға тоқталды. Мәселен, Достық үйi жанында поляк, немiс және иврит тiлдерiн үйрену курстары жұмыс iстейдi. №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенiнде армян, немiс, шешен-ингуш, корей, украин және әзербайжан барлығы 9 ұлттың бөлiмi бар.

Өз кезегiнде, Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының Аз ұлттар iстерi жөнiндегi Жоғарғы комиссар Қазақстан елiмен жақсы ынтымақтастық қатынастар қалыптасатына сенiм бiлдiрдi. «Қазақстанға келген алғашқы сапарымда мен мемлекеттiң оңтүстiк аймақтарында болып қайттым. Үстiмiздегi жылы солтүстiкке келiп, жергiлiктi ҚХА филиалдарының жұмысымен таныспақпын», — дедi Астрид Турс.




Дерекнама

Яндекс.Метрика