Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау

ҚР Қарулы Күшінде кәсіптік Әскерге ауысуға барлық жағдай жасалған – Қорғаныс министрлігі

Бүгін Қазақстан Республикасы Қарулы Күшінде кәсіптік Әскерге ауысуға барлық жағдай жасалған, деп Бас штаб бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов Үшарал қаласына барған сапарында айтты.
Шығыс Қазақстан18 Қазан , 08:44

«Ел Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Қарулы күштерінің алдына біздің саны шағын, кәсіби әрі қазіргі заманғы ең жаңа техникамен жабдықталған Армия болуымыз жөнінде тапсырма қойды. Бүгінде Қазақстан Қарулы Күштерінде кәсіби армияға өтудің барлық шарттары жасалған. Әскери қызметшілер лайықты еңбек ақы алады, тұрғын үй мәселесі шешілуде,  офицерлер мен сержанттар шетелдердің ең мықты оқу орындарында білім алуда,-деді ҚР ҚК Бас штаб бастығының орынбасары. Қазіргі заманғы кәсіби армия заманауй идеологиялық тұрғыдан қарауды талап етеді. Әскери патриоттық клубтардың жұмысын заманауй, креативті  тұрғыда жандандыру қажет,-деп атап өтті полковник Мұхамеджан  Таласов әскери бөлім командирлерімен кездесуінде», - деді Бас штаб бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов.

ҚР Қорғаныс министрінің шешімімен құрылған кешенді ақпараттық насихат тобы  Үшарал, Аягөз, Өскемен және Семей гарнизондарында болып, Ел Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты» атты Жолдауында айтылған міндеттердің іске асырылу барысын тексереді.

 

Топ басшылығы апта бойы жергілікті билік органдарының басшылығымен кездесіп, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, Қарулы Күштер мен жергілікті билік өкілдерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыру мәселелерін пысықтайды.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика