Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Музейлендіру үдерісі қандай да бір үгіт-насихат шараларына қарағанда әлдеқайда тиімді - сарапшы (ВИДЕО)

Музейлендіру жұмыстары қандай да бір үгіс-насихат жұмыстарына қарағанда әлдеқайда нәтижелі. Бұл туралы Strategy2050.kz ақпарат егнттігінің тілшісіне берген эксклюзивті схбатында Тұңғыш Президент музейі директорының орынбасары Күләйша Ақтаева айтты.
Астана қаласы 19 Маусым, 09:13

«ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін кең ауқымда және терең түсіндіру керек, ең маңыздысы  - бұл біздің мемлекеттік бірлігіміз, екінші аспекті – тарихты музейлендіру. Біздің тәуелсіздік тарихымыздың әлі жалғастығы жоқ, 24 жыл ішінде түрлі қарқынды үдерістер, оқиғалар жүрді, қаншама фактілер мен даталар шоғырланды, олар күйбең тіршіліктің арасында жоғалып барады, біз олар туралы ұмытуға шақ қалдық, алайда, тап осы даталар мен үдерістердің, оқиғалардың шоғыры шын мәніндегі тарихты түзеді»,-деді директордың орынбасары.    

Сарапшының сөзінше, музейлерде ешкімде жоқ теңдессіз мүмкіндіктер бар. «Мемлекеттік нышандарды қалыптастырумен байланысты мемлекеттік рәміздердің эталондары мен құжаттары қоғамның назарына ұсынылды. Музейлендіру үдерісі қандай да бір үгіт-насихаттар мен ұрандатушы ақпараттар, конференцияларға қарағанда өміршең әрі нәтижелі. Өйткені күнделікті қарым-қатынас, кез-келген мемлекеттің өміріне назар аударуда музейлер тарихқа мойынсұнуға мүмкіндік береді»,-деді К.Ақтаева.    

Индира Кауметова

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика