Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті,деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы17 Қазан , 18:25

Отырыста Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы 439 өтініш қаралды. Мемлекеттік хатшы 2013 жылы Қазақстан азаматтығын алу үшін Комиссияға бір мыңға жуық адам өтініш білдіргенін атап өтті.

Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды рәсімдеуді мемлекеттік қызметтер тізбесіне енгізу және осы қызметті электрондық форматқа көшіру жөніндегі Сыртқы істер министрлігінің жұмысы нәтижелерін талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия тиісті шешімдер мен ұсыныстар қабылдады.

 




Яндекс.Метрика