Басқару

Есеп комитеті 2014 жылы 1,8 трлн теңге тұратын 323 нысанды тексерді – Қ.Жаңбыршин

2014 жылы Есеп комитеті бюджет қаржысы 1,8 трлн теңге болатын 323 нысанда 29 бақылау шараларын ұйымдастырды, деп хабарлады Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Нұр-Сұлтан17 Маусым , 16:31

«Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкіметтің республикалық бюджеттің орындалуына байланысты есебі  бекітілді. Өткен жылдары біз бюджеттік қаржылары 1,8 трлн теңге болатын 323 бақылау нысандарында 29 бақылау шараларын ұйымдастырдық»,-деді Қ.Жаңбыршин.  

Оның сөзінше, бақылау шараларының қорытындысы бойынша, бюджетке 90 млрд теңге қайтарылды.  

«643 млрд теңгенің заңбұзушылықтары анықталды, олардың 112 млрд теңгесі 2014 жылдікі. Қайтару уақыты келуіне байланысты қайтарылуы тиіс 102,6 млрд теңгенің 91,4 млрд теңгесі бюджетке қайтты. Процессуалды шешімдер қабылдау үшін 22 бақылау материалдары прокуратура органдарына берілді»,-деді ол.   

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика