Адами капитал

ШҚО-да «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін жазғы демалыс лагері ашылды (ФОТО)

Төменгі Тайнтадағы «Патша алқабы» жазғы лагері күрделі жөндеуден өткізіліп, алғашқы 120 баланы қабылдауға дайын. Бірінші кезеңде «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленішулерімен қатар онда Алматыдағы № 2 «Алтын ұя» балалар үйінің 20 оқушысы демалады, деп хабарлады ШҚО Ақпарат орталығы.
Шығыс Қазақстан 18 Маусым, 08:37

Демалыс орнының ашылу рәсімі салтанатты жиын мен туды көтеру рәсімінен басталды. «Сіздер биылғы демалыстарыңызды облыстың табиғаты ең әсем аймақтарының бірінде өткізесіздер. Мұнда сіздер жаңа достар тауып, денсаулықтарыңызды нығайтасыздар. Облыс басшылығы сіздердің демалып, келесі оқу жылына дайын болуларыңыз үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырды»,-деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.  

Демалыс орнының ашылуына орай ұйымдастырылған концертте «Үміт» балалар үйінің жас дарындары мен «X-фактор» шоуының жеңімпазы, «Үміт» балалар үйінің бұрынғы оқушысы Евгений Выблов өнер көрсетті. Ал, алматылық «Алтын ұя» үйінен келген жасөспірімдер өздерінің жаңа достары үшін ашық-жарқын етіп, салынған әсерлі суреттерін сыйға тартты. Кешкісін балалар үлкен алауды айнала отырып, ән айтып, би биледі.   

ШҚО білім басқармасының хабарлауынша, ШҚО мен Алматы қаласының арасында қол қойылған меморандум аясында «Патша алқабы» балалар лагерінде жазғы 3 ай демалыста Алматы қаласындағы «Алтын ұя» мектебінің 90 тәрбиеленушісі демалатын болады.   





Яндекс.Метрика