Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы

ТМККК бойынша ауылдық пациенттер саны 2 есеге көбейді – РДО басшысы Н. Отарбаев

Ағымдағы жылы республикалық диагностика орталығында тегін медициналық көмек көлемінің кепілдемесінің қызметіне жүгінген ауылдық пациенттер саны 2 есеге өсті, деп «ҚР консультативті-диагностикалық дамуының жетістіктері» атты халықаралық ғылыми-конференцияда «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ басқармасының төрағасы Нұржан Отарбаев мәлімдеді.
Казахстан17 Қазан , 17:56

«2013 жылы республикалық диагностика орталығында тегін медициналық көмек  көлемінің кепілдемесінің қызметіне жүгінген  ауылдық  пациенттер саны 2 есеге өсті. Ол 43 пайызды құрады, бұл мемлекеттің саясаттың денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталғандығын айқындай түсті», - деді Н. Отарбаев.

Оның айтуынша жыл сайын республикалық диагностика орталығынан 40 мың пациент ем қабылдайды.

Оған қоса, РДО қызмет көрсетуі соңғы 3 жыл ішінде 2,3 есеге өсті.

Басқарма басшысы РДО жаңа жобаларды жүзеге асырып жатқандығын атап өтті. Емдеу саласына JCI халықаралық тәжірибе енгізіледі. Н.Отарбаевтың айтуынша, 2014 жылы JCI аккредитациясын өтіп, сертификатты иелену жоспарлануда.

Республикалық диагностика орталығында медицина қызметінің 58 түрі көрсетіліп, 46 дәрігерлік дәріс өткізіледі.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика