Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Құрық паромды кешені жылына 4 млн жүкті тасымалдауға қолғабыс көрсетеді - ҚТЖ

Маңғыстау облысында Каспий теңізі жағасында Құрық паром кешенінің құрылысы жүргізілуде
Маңғыстау17 Маусым , 18:19

ҚТЖ-дан хабарлағандай, бүгінде жер жұмыстары жүргізілуде, 70-ке жуық техника мен қажетті біліктілігі бар мамандар тартылған.

«Жобалық қуаттылығы жылына төрт миллион тоннаға есептелген паромды кешен халықтық тұтынудағы тауарларды ауыстырып тиеуге есептелген, олар – бидай, мұнай өнімдері, СКСГ (сұйытылған көмірсу газдары), тыңайтқыштар, химикаттар мен өзгеде жүктер», - делінген хабарламада.

Аталып өткендей, жобаны жүзеге асыру инвестицияның көлемі 32,7 млрд теңгені құрады. Ал, кемежайды пайдалану үшін тұрақты 250 штаттық адам керек.

Оның үстіне паром кешені Маңғыстау облысын Қазақстанның оңтүстік-батысындағы аймақтық хабы ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.

Айта кетерлік жайт, Құрық ауылы маңындағы жағалау желегінің артықшылығы қолайы табиғи климатта: айлаққа мұз қатпайды, тиімді жел тармақтары, қажетті тереңдік, қаладан алшақ орналасуы, өндірістік қуаттылықты кеңейту мүмкіндігі, құрылыс үшін қажетті бос территорияның көптігі, ауыстырып тиеуді қажет ететін өнімдердің кең спекторы. 




Яндекс.Метрика