Білім мен кәсіби машық

ШҚО-ның әр ауданында жастар белсенділігін арттыру мен қолдау орталығы қызмет істеуде

Ағымдағы жылдың ақпан айында 2020 жылға дейін жастар саясатының концепциясы қабылданды, деп Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ауыл жастарының халықаралық конгресінде айтты.
Шығыс Қазақстан17 Қазан , 17:36

«Шығыс республика бойынша жастардың белсенділігін қолдау мен дамыту орталығын ашқандардың алдыңғы қатарында. Ағымдағы жылы олардың жұмысын жастар саясаты басқармасы қадағалайтын болады. Осы уақыт аралығында біраз жұмыс істелді», - деп Б. Сапарбаев айтты.

Шараға шет елдердің төтенше және өкілетті елшілері, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен облыстардан келген ауыл жастары қатысты.

Шара соңында ауыл шаруашылығы саласында үздік инновациялық жобалар жасаған студенттерге халықаралық компаниясының арнайы стипендиялары табысталды.

Конгрес пленарлық отырыспен тәмамдалған жоқ. Донорлар форумы аясында халықаралық әне республикалық қорлардың жетекшілері жастар бастамаларын алға жылжыту бойынша әрі қарайға серіктестік мәселелерін талқылады.ал арнайы пікірталас алаңдарында жастар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады.

 




Яндекс.Метрика